Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 284 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ

Қазақстандағы және шетелдегі бұрғылау жұмыстарының қарқынының өсу кезінен бастап, кен орындарындағы зертхана жұмыстарын реттеудегі, оларды үйлестірудегі және химиялық реагенттердің сапасын бақылаудағы қажеттілік туындады. Осы мақсатта 2010 жылы Ақтөбе қаласының “Ақтөбе Ғылыми – Зерттеу Геологиялық Барлау Мұнай Институты” ғимаратында орналасқан орталық зертхана ашылды және керн мен бұрғылау ерітіндісін зерттеуде қосымша қолдау көрсетіп отыр.

ОМАС зертханасы кен орнында орналасқан зертханаларға техникалық қолдау көрсетеді және бақылауда ұстайды, API стандарттарына сай бұрғылау ерітінділерінің қажетті талдауларын жасайды, сондай-ақ бұрғылау ерітінділерінің жаңа жүйесін жасайды. Кез-келген жабдық арнайы сынақтан өткізілуі үшін жеткізіліне алады. Бұл зертхана біздің тапсырыс берушілерге кез-келген уақытта қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар және кен орнында ерітіндіге байланысты туындаған әр түрлі проблемаларды шешуге көмектесе алады.

Барлық жабдық халықаралық стандарттарға сай және FANN немесе OFITE (АҚШ) сияқты компаниялармен өндірілген және API стандарттарына сай келеді.

Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін зертхана толық сараптамасын береді және бұрғылау қондырғысында болған проблемаларды шешудің ең тиімді жолдары жөнінде ақыл-кеңесін ұсынады. Әрбір кен орнындағы зертханамен ақпаратпен уақытылы бөлісу үшін күнделікті байланыс жүргізіліп отырады.



ОРТАЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТІЗІМІ:
Тұтқалы таразылар Ұңғыманы бақылауда бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы өте маңызды көрсеткіш болып табылады.
Вискозиметр Ұңғыманың бұрғыланған жер жынысынан тазалануы және қалыпты жағдайда болуы бұрғылау ерітіндісінің аққыштық қасиетіне тәуелді.
Фильтр-пресс Ерітіндінің су жоғалту қасиеті гидратацияны баяулатады және ұңғыма жарында жұқа қабаттың пайда болуына әкеледі, ал ол дифференциалды қысып қалудың болуының алдын алады.
Жоғары қысымды (500 PSI) және жоғары температуралы 150°С фильтр-пресс Температурасы жоғары терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде көрсетілген жағдайда ерітіндінің су жоғалту қасиеті қаншалықты болатынын білу өте маңызды.
Реторта Қатты фазаның мөлшерін өлшеу бұрғылау ерітіндісіндегі қазылған жер жынысының болуын бақылау үшін қажет. Ерітінді құрамында оның көп болуы тығыздық пен тұтқырлықтың және басқа да көрсеткіштердің ұлғаюына әкеліп соғады.
Сүзіндінің және жер қабатындағы судың толық химиялық талдауы Полимерлердің тұрақты жұмыс жасауы үшін иондардың концентрациясы шектен тыс шықпауы керек. Олардың мөлшері арнайы реактивтермен анықталады.
Металл мен ұңғыма жарының қабаты арасындағы үйкелісті өлшейтін құрылғы Бұрғылау ерітіндісінің майлау қасиетін зерттеу үшін қажет.
5-Роликті пеш Бұрғылау ерітіндісіне ұңғыма тереңдігіндегі жағдайды жасанды етіп, роликті пеш арқылы бір немесе одан да көп тәулік бойы ықпал етуге болады.
Миксер Бұрғылау ерітіндісі мен химиялық реагенттерді араластыру үшін.
Аналитикалық таразылар Химиялық реагенттерді талдауға арналған зертханалық үлгілерді өлшеу үшін қажет.
Дифференциалдық қысып қалуды анықтауға арналған тестер Стандартты өлшемдегі бұрғылау құралының қысылып қалу ықтималдылығын анықтау үшін қажет.
Өтімділіктің бітелуін анықтайтын тестер Ұңғымадағы статикалық сүзілу қасиетін анықтау үшін қажет. Керамикалық диск таңдау арқылы және қысым мен температураны тереңдіктегідей етіп толығымен жасанды қылып алуға болады.
Бұрғылау ерітіндісінің майлау қасиеттерін анықтайтын тестер Қалыпты және жоғары қысым режимдерінде құралдың үйкелісін имитациялайды.
Сазды жер қабатының ісінуін анықтайтын тестер Үздіксіз компьютерде тіркеп отыру арқылы гидратация және саз қабатының ісінуін анықтау үшін қажет. Зерттеліп жаткан жер қыртысынан арнайы компактордың көмегімен қысу арқылы таблеткалар жасалынады.
Кальциметр Ұңғыма ерітіндісінің немесе бұрғыланған жер жынысының үлгісіндегі кальций карбонатының мөлшерін анықтау үшін қажет.
Жабық таразылар Газдалған бұрғылау ерітіндісінің тығыздығын анықтау үшін қажет.
Коррозияны өлшеуге арналған ұяшық Ұяшықтың көмегімен бұрғылау ерітіндісіндегі болаттың коррозияға ушырау жылдамдығы өлшенеді.

Көрсетілген тізім толық емес және танысу үшін ғана ұсынылған