Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 284 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

ИНЖЕНЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР

Біз тапсырыс берушілерімізге жоғары білікті бұрғылау ерітіндісі инженерлерін ұсынамыз. Біздің барлық инженерлеріміз жан-жақты оқыған, айтылған салада үлкен тәжірибелері бар және жұмысты үш тілде жүргізе алады. Өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін біз бүкіл әлемнің техникалық консультанттарының тәжірибесін қолданамыз. Қазіргі таңда компаниямызда 200-ден астам оқыған және тәжірибелі бұрғылау ерітіндісі инженерлері еңбек етуде.

Инженерлердің жоғары білімі бар және кем дегенде бұрғылау ерітіндісі мектебі Messina Incorporated-ты бітірген. Олардың көбісі сондай-ақ бұрғылау ерітінділерімен айналысатын басқа да халықаралық компаниялардың арнайы мектептерінде оқыған. Инженерлердің Омас Интегрейтед компаниясында 15 жыл бойы жасап жинаған және басқа халықаралық компанияда жинаған кен орын тәжірибелері мол.

Барлық инженерлер ағылшын тілін біледі және жеке компьютерде сенімді жұмыс жасай алады, сонымен қатар рапорт, тауар-материалдық есеп және жобалар сараптамасын жасау үшін арнайы бағдарламаны қолданады. Инженерлер ерітіндіні өңдеу, материалдар есебі, тазалау жабдығы, қауіпсіздік техникасы, қауіпті материалдарды анықтау, транспорт және жергілікті қоршаған ортаны қорғау талаптарына байланысты күнделікті жұмыстарды жоспарлаумен айналысады. Инженерлер тапсырыс беруші өкілімен ерітіндінің қажеттілігін әрдайым талқылау арқылы ұңғыманың жалпы құнын төмендетуге тырысып отырады.


Бұрғылау ерітіндісі инженерлерінің міндетіне төмендегілер кіреді:

Ерітінді көрсеткіштерін күнделікті бақылау, бұрғылау ерітіндісін өңдеуге байланысты нұсқау беру, қолданылған химияның күнделікті есебі және әрбір интервалдың бағасын есептеу;

Өтпелі, яғни ыдыстарды тазалау, ығыстыру және цементтеу сияқты процесстерді бақылау және баға беру;

Қалдықтардың көлемі және утилизация жөнінде бақылаушы органдарға есеп беру;

Бұрғылау ерітіндісіне және тазалау жабдықтарына байланысты кез-келген проблемаларды бұрғылау Супервайзеріне хабарлау;

Қажет болса ерітінді жүйесінің өзгерістері жөніндегі нұсқауларды беру;

Тазалау жабдығы мен вибро-елек торларына байланысты нұсқауларды беру;

Қауіпсіздік техникасының барлық нұсқаулықтарын және тапсырыс берушінің бағдарламасын қадағалау.