Біздің бастауымыз. «Омас Интегрейтед» ЖШС 3 шілдеде Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласында ірге тасы қаланған.
«Oмас Интегрейтед» ЖШС ТМД елдерінің мұнай-газ саласына бұрғылау, ұңғыманы аяқтау және жөндеу ерітінділері бойынша толық кешенді қызмет көрсете алатын үлкен мекеме.
Компания қызметі қамтамасыз етілетін өнімнің сапасының жоғары болуына бағытталған.
Барлық материалдар API 13A, OCMA спецификацияларына сай сапа бақылауынан өтеді.
Өнімдердің барлық үлгілері жөнелтілмес бұрын, өзіміздің және еншілес зертханаларда сынақтан өтеді.
Біздің бастауымыз. «Омас Интегрейтед» ЖШС 3 шілдеде Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласында ірге тасы қаланған.
Халықаралық нарыққа шығуы (Өзбекстан).
Халықаралық нарыққа шығуы (Әзірбайжан).
Халықаралық нарыққа шығуы (Ресей).
10 қазанда
Ресей Федерациясында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ еншілес
құрылымы ашылды.
Алғашқы мың ұңғыма бұрғыланды.
Бұрғылау ерітіндісінің инновациялық аса-тиімді «OMAC HIP SYSTEM» жүйесі енгізілді.
1 маусымда Ресей Федерациясы, Нижневартовск қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.
2 қыркүйекте KDR — бұрғылау және ұңғыма салу саласындағы екінші мұнай-газ саласы форумында, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының атынан медальмен марапатталды.
Сондай-ақ, осы жылы 2 қарашада «Омас Интегрейтед» компаниясы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалынан «Сапа Көшбасшысы» кубогы марапатына ие болды.
1 ақпанда Ресей Федерациясы, Самара қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.
15 мамырда компанияның өзіндік OMACPRO© бағдарламалық жасақтамасы жасап шығарылды және оның іске енгізілуі сәтті өтті.
10 қаңтарда Ресей Федерациясы, Уфа қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.
Осы жылы “Башнефть-Добыча” ЖШҚ кен орындарында бұрғылау ерітіндісінің жаңа жүйесін (ГЭЕ – гидрофобты эмульсиялық ерітінді) енгізу сәтті түрде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Башнефть» жобасында Бобриковский жер қабатын субкөлденең (70-85º) ашу арқылы ұңғыма жұмыстарын сәтті аяқтады.
«Омас Интегрейтед» ЖШС-не «Роснефть МК» ҚАҚ объектілірінде бұрғылау ерітінділері бойынша инженер технологиялық қызмет көрсетудің нәтижесіне сай, ҮЗДІК 10 компания рейтингі ішінде 2-ші орын берілді.
“Самотлорнефтегаз” АҚ объектілерінде 2019 жылдың 12 ай бойы жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша және ұңғыманы қайта құру кезіндегі бұрғылау ерітінділері бойынша болған қызметтің жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін 1-ші орын берілді.
1 қазанда “Самотлорнефтегаз” АҚ жобасында біздің компания “Химиялық кольматация” технологиясын қолданудың арқасында жер қыртысындағы қалыптан тыс төмен қысымды және тұрақсыз аргиллиттер бар аймақтарында бұрғылау және ұңғыма бағаналарын отырғызу жұмыстарын сәтті аяқтады.
15 қарашада 4000 ұңғыма бұрғыланды.
9 желтоқсанда тиімді оқыту, кәсіби даму, тәжірибе алу және білікті мамандарды шығаруды қолдау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен «Омас Интегрейтед» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.
4 наурызда «Омас Интегрейтед» ЖШС Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Бұрғылау ерітінділерін қолданудағы технология» тақырыбында лекциялар және компания зертханасында тәжірибелік сабақтар өткізілді.