Омас Интегрейтед-тің ең басты мақсаты – ерітіндіге байланысты барлық нәрсені ең тиімді және үнемді жолмен бақылауға болатындығын тапсырыс берушіге көрсетуге ұмтылу болып саналады. Бұл дегеніміз, тек қана бұрғылау ерітіндісін бақылап қана қоймай, онымен қатар ерітіндіні тазалау және шламды жою жабдықтарын да бақылау керек дегенді білдіреді.
Бұрғылау ерітіндісінің осы барлық үш аса маңызды аспектілері бір бірімен тығыз байланысты. Егер де осы үш аспектіге байланысты жауапкершілікті бір компанияға жүктесе, онда тапсырыс беруші үнемділікке қол жеткізе алады және болуы мүмкін проблемалардың ықтималдылығын төмендете алады. Oмас Интегрейтед барлық үш проблеманың да шешімін таба алады, себебі біз әлдеқашан тазалау және шламды азайту жабдықтарымен қамтамасыз етумен қатар, бұрғылау ерітінділеріне байланысты толық кешенді қызметті бірнеше жобаларда көрсетіп жатырмыз.
Тазалау және шламды азайтудың сапалы жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, Омас Интегрейтед тазалау жабдықтарының әлемдік ірі өндірушілерімен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатты. Қазіргі уақытта жалға алу шарттары бойынша Derrick Equipment компаниясы шығарған вибро-елек пен центрифугалар нарыққа қойылады және Brandt and Derrick компаниясы шығарған вибро-електерге арналған торлар сатылады.