Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 284 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

«Омас Интегрейтед» Қазақстан мен ТМД елдеріндегі мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 5000 метрден астам және көлбеулік бұрышы 90 градустан асатын, тіке, көлденең және көлбеу ұңғымаларын бұрғылауда ауқымды тәжірибеге ие.

Біздің бұрғылау ерітіндісі бойынша инженерлеріміз халықаралық стандарттарға сай білім алған және бұрғылау кезіндегі қиындықтың барлық түрлерін жоюда тәжірибелері мол.

Ұңғымаларды сәтті бұрғылау үшін компания су негізіндегі экологияға қауіпсіз әрі тиімді жүйелерді қолданады: KCL/Полимерлі ерітінді, Гипс ерітіндісі, Силикатты ерітінді, натрий хлориді негізіндегі тұзды ерітінді. Сондай-ақ көмірсутек негізіндегі ерітінді қолданылады.

Компания ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізуге арналған тығыздығы 1,68 г/см³ шейінгі кальций хлориді және кальций карбонаты негізіндегі аяқтау ерітінділерін дайындауда тәжірибесі бар.

Қазіргі таңда 5 700-ден астам ұңғыма бұрғыланды.

– Омас Интегрейтед технологиясы мен қызметін қолданып сәтті бұрғылау жұмыстары атқарылған кен орындары:

Ұңғымалар жөнінде толық ақпарат алу үшін көрсетілген белгілерді басыңыз.

Кен орындарының картада орналасуы географиялық тұрғыда дұрыс болмауы мүмкін және Омас Интегрейтед компаниясының тәжірибесін көрсету үшін ғана белгіленген.