Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 288 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

omac-int.com сайттың құпиялылық саясаты

Бұл Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) сайт (omac-int.com) администраторының (бұдан әрі – Компания) сайт пайдаланушыларынан (бұдан әрі – Пайдаланушылар) алынған жеке деректерді қолдану ережелерін бекітеді.

Бұл Құпиялылық саясаты барлық сайт Пайдаланушыларына қатысты.

Саясат мәтінінде кездесетін барлық терминдер мен анықтамалар ҚР қолданыстағы заңнамаларына сай түсіндіріледі.

Пайдаланушылар осы Саясатта көрсетілгендей өздерінің жеке деректерінің өңделуіне тікелей келісімін береді.

Сайтты пайдалану Пайдаланушының Саясатпен және деректерді өңдеуге байланысты көрсетілген шарттарымен сөзсіз келісетіндігін білдіреді.

Пайдаланушы егер Саясат шарттарымен келіспейтін болса, онда сайтты пайдаланбауы тиіс.


1. Пайдаланушылардың жеке деректері

1.1. Сайт Пайдаланушыларға қатысты техникалық және басқа да жеке деректерді жинайды және оны Саясатпен бекітілген мақсатта қолдану үшін рұқсатқа ие болады.

1.2. Сондай-ақ техникалық мәлімет қатарына Пайдаланушының құрылғысына қондырылған бағдарламалық жасақтама арқылы Сайтты қолдану барысындағы Компанияға автоматты түрде берілетін мәліметті де жатқызамыз.

1.3. Пайдаланушының жеке деректер қатарына Сайтта сауалнама немесе кері байланыс формасын толтыру кезінде Компанияға берілетін ақпарат болып табылады.
Компанияға міндетті түрде берілуі тиіс ақпарат ерекше болып белгіленген.

1.4. Қосымша мәліметтерді беру Пайдаланушының өз қалауымен жасалады.

1.5. Компания сондай-ақ көпшілікке қолжетімді жеке деректерді, жария етілуге тиіс немесе заңнамаларға сәйкес міндетті түрде жария етілетін жеке деректерді де өңдей алады.

1.6. Компания Пайдаланушы берген жеке деректердің растығын тексермейді және оның іс-әрекетке қабілеттілігін бағалауға мүмкіндігі жоқ.
Дегенмен Компания Пайдаланушы өзі туралы рас және жеткілікті жеке дерек бергеніне сенімді және берілген ақпаратты жаңартып отырады деп есептейді.


2. Пайдаланушылардың жеке деректерін өңдеудегі мақсат

2.1. Компанияның жеке деректерді жинаудағы ең басты мақсаты — ол Пайдаланушыларға ақпараттың, консультациялық және басқа да қызметтердің ұсынылуы.
Пайдаланушылар Компания олардың жеке деректерін келесі себептермен пайдалануына келісімін береді:

  • Көрсетілетін қызмет пен келісім шеңберінде тарапты анықтау;
  • Сапаны, пайдаланудағы қолайлықты жақсарту, Сайтты жетілдіру және дамыту, техникалық ақаулар мен қауіпсіздікпен байланысты проблемаларды жою;
  • Пайдаланушылардың ақпараттық қалауын ескере отырып оларға қызметтер мен ұсыныстарды хабарлау;
  • Жасырын мәліметтер негізінде статистикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу.

2.2. Компания, 2.1. тармағында көрсетілгендей, техникалық мәліметті жасырын түрде қолданады.


3. Пайдаланушылардың жеке деректерін өңдеу шарттары мен әдістері

3.1. Пайдаланушы өтініш (байланыс ақпараты көрсетілген кез-келген өтініш) жіберу арқылы жеке деректерінің өңделуіне рұқсатын береді.

3.2. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеу дегеніміз ол жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (деректерді жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, беру (тарату, беру, қол жеткізу), иесіздендіру, оқшаулау, өшіру және сол мәліметтерді жою.

3.3. Пайдаланушы өзі жөніндегі ақпаратты өз еркімен шектеусіз адам санына қол жетімді етілуіне рұқсат беру жағдайларын қоспағанда, Пайдаланушының жеке деректеріне қатысты оның құпиялылығы сақталады.

3.4. Компания Пайдаланушының жеке деректерін үшінші тұлғаға келесі жағдайда ғана бере алады:

  • Пайдаланушы бұндай әрекетке өз келісімін берсе;
  • Пайдаланушы Сайттың белгілі бір қызметтерін қолдану үшін немесе Пайдаланушымен болған белгілі бір келісім-шартты/келісімді орындау үшін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің уәкілетті органдары сұратса;
  • Пайдаланушы Компаниямен жасалған келісім шарттарын, осы Саясатты немесе белгілі бір қызмет шарттары бекітілген құжаттарды бұзған жағдайында, Компанияның немесе үшінші тұлғалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында;
  • Компанияның тапсырмасы бойынша зерттеу жүргізу үшін, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін Пайдаланушының жеке деректерін иесіздендіру арқылы өңдеу нәтижесінде алынған иесіз статистикалық деректер үшінші тұлғаға беріледі.

4. Пайдаланушының жеке деректерін қорғау шаралары

4.1. Пайдаланушының жеке деректеріне құқықсыз немесе кездейсоқ қол жетімді болуынан, оның жойылуынан, өзгертілуінен, бұғатталуынан, көшірілуінен, таратылуынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін Компания қажетті және де жеткілікті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады.


5. Даулы мәселелерді шешу

5.1. Осы Саясатпен реттелетін қарым-қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіппен құқықтық нормаларға сай шешіледі.

5.2. Дауларды шешудегі сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртібін сақтау міндетті болып табылады.


6. Қосымша шарттар

6.1. Компания осы құпиялылық Саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқылы.
Құжаттың ағымдағы нұсқасын осы сілтемеден таба аласыз omac-int.com/kk/privacy-policy-kz

6.2. Жаңа құпиялылық Саясаты Сайтта жарияланған сәтінен бастап өз күшіне енеді, егер құпиялылық Саясатының жаңа редакциясымен басқасы қарастырылмаған болса.