Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 266 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗІМІ

Омас Интегрейтед ұжымынан келе жатқан 2024 жылмен бейне құттықтауы



31 желтоқсан 2023


Компанияға 20 жыл/Ашық есік күні

2023 жылғы маңызды оқиғалардың бірі «Omaс Integrated» ЖШС-нің 20 жылдығы болды. Желтоқсан айында Ашық есік күні ұйымдастырылды, оның мақсаты командалық рухты нығайту және компанияның HR брендін жақсарту болды. Шара аясында компания қызметі туралы презентация жасалып, компанияда 10 және 15 жыл мінсіз еңбек еткен қызметкерлер марапатталды. Шара қонақтарымен викторина өткізілді, онда компания логотипі бейнеленген естелік сыйлықтар ұсынылды. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.



18 желтоқсан 2023


Омас Интегрейтед жас спортшының жетістіктерін назардан тыс қалдырған жоқ

Омас Интегрейтед компаниясы жас талант Ахмедияр Мұхитұлын 2022 жылдың спорттық қорытындысы бойынша «Ұлттық спорт түрлерінен «Жаңа белес» сыйлығының ең жас шабандозы» номинациясымен атап өтті. Компания басшылығы алдағы уақытта спорттық жетістіктер мен алға қойған мақсаттарына жетуге тілектестігін білдірді!

14 қараша 2023


«Дарынды жастарға арналған Ақтөбе облыстық «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернаты» КММ материалдық базасын дамыту

«Омас Интегрейтед» ЖШС лицей оқушысы Ким Артурдың Гоноверде (Германия) өткен олимпиадаға баруына демеушілік жасады. Қатысу нәтижесі: 3 орын – қола медаль.



2 қазан 2023


KDR-2023 – Ұңғымалық Инжиниринг

«Омас Интегрейтед» ЖШС ұңғымалық инжинирингтің барлық кезеңін қамтитын Ақтаудағы 8-ші KDR дөңгелек үстеліне қатысты.

21 қыркүйек 2023


Қызмет көрсету географиясын кеңейту (Моңғолия)

«Омас Интегрейтед» ЖШС Моңғолдық бұрғылау компаниясымен келісім-шартқа отырды және қазіргі уақытта Моңғолияда бұрғылау сұйықтықтар саласында кеңестік қызмет көрсетуде.

10 шілде 2023


Спорт ұжымына қолдау көрсету

Қайырымдылық көмек көрсету туралы келісім аясында «Омас Интегрейтед» компаниясы «Ералы» спорт ұжымына, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және шәкіртақы төлеуге қаражат бөлуде.

Ұжым оқушылары “Еркін күрес” чемпионаттарда лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда.

2023 жылдың маусым айында спорттағы жоғары жетістіктері үшін ұжымның кейбір спортшылары «Омас Интегрейтед» компаниясынын сертификаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды, атап айтқанда: Сағындық Мәди, Умаров Иримбек, Советов Бауыржан және Нұралыұлы Бейбарыс.



1 шілде 2023


Омас Интегрейтед қызметкерлері сенбілік іс-шараға қатысты

Ақтөбе қаласының әкімішілігінін ұйымдастыруымен өткен екі айлық санитарлық күтіммен және қаланы абаттандыру программасы бойынша, «Omac Integrated» ЖШС бас кеңсесінің қызметкерлері, қоғамдық жұмыс күніне қатысып, кеңсеге жақын аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.



12 сәуір 2023


Біздің мерейгерлер

«Омас Интегрейтед» кеңсесінде қуанышты әрі елеулі оқиға атап өтілді. Біздің ұжым он үш қызметкерді 10 және 15 жыл бойы атқарған мінсіз қызметтері үшін алғыс айтып құттықтады. Ұжымымыз мерейтой иелеріне жұмыста табысты болуын және алдағы жаңа белестерді бағындыруын тілейді!



30 желтоқсан 2022


7-ші KDR форумы — Ұңғыма Инжинирингі, KDR-2022

«Омас Интегрейтед» қызметкерлері Қазақстандағы бұрғылау және мұнай өндіру секторының жетекші салалық іс-шарасына өкіл ретінде қатысты.

24 қараша 2022


«ADIPEC» мұнай-газ конференциясы

Компания басшылығы «ADIPEC» Мұнайгаз конференциясына қатысты (БАӘ, Абу-Даби).



31 қазан 2022


Компанияның қалалық спорттық іс-шараларға қатысуы

«Омас Интегрейтед» ЖШС қызметкерлері «AQTOBE MARATHON» ауқымды жүгіру марафонына қатысты.

29 мамыр 2022


Біріккен академиялық іс-шара

«Омас Интегрейтед» ЖШС Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Бұрғылау ерітінділерін қолданудағы технология» тақырыбында лекциялар жүргізіп және компания зертханасында тәжірибелік сабақтар өткізді.



4 наурыз 2022


2021 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясымен 1.6 млннан астам метр ұңғыма бұрғыланды, оның ішінде 930 метрден астам бөлігі тігінен бұрғыланған ұңғымалар, 4000 метрге дейін көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғыланды, сондай-ақ «Башнефть-Добыча» ЖШҚ кен орындарында өнімді қыртысының ашылуы 90 градус 2 ұңғыма көмірсутек негізіндегі бұрғылау ерітіндісін қолдану арқылы бұрғыланды.

2021 жыл қорытындылары


15 жыл бірге

«Омас Интегрейтед» ЖШС қызметкерлерін 15 және 10 жыл бойы атқарған қызметтері үшін құттықтайды.

Компания ұжымы олардың компания дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

31 желтоқсан 2021


Білім беру бағдарламасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен «Омас Интегрейтед» ЖШС арасында тиімді оқытуды, кәсіби дамуды, тәжірибелік дағдыларды меңгеруді және білікті мамандарды даярлауды қолдау жөнінде келісім жасалды.

9 желтоқсан 2021


Біздің жетістіктеріміз

Компания қызметінің кезеңі бойы біздің технологиялар мен қызметтерімізді пайдалана отырып, 4000-нан астам ұңғыма бұрғыланды.

15 қараша 2021


Технологиялар

«Самотлорнефтегаз» АҚ жобасында біздің мекеме «Химиялық кольматация» технологиясын қолданудың арқасында жер қыртысындағы қалыптан тыс төмен қысымды және тұрақсыз аргиллиттер бар аймақтарында бұрғылау және ұңғыма бағаналарын отырғызу жұмыстарын сәтті аяқтады.

1 қазан 2021


Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға қатысу

«Омас Интегрейтед» ЖШС әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қолдау көрсетіп, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы аймағында білім беру, тұрғын үй мәселесін жақсарту, денсаулық сақтау салаларына байланысты әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асырады.



10 маусым 2021


2020 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясымен тереңдігі 4000 метрге шейін 598-ден астам тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғыланды, оның ішінде «Башнефть-Добыча» ЖШҚ кен орындарында өнімді қыртысының ашылуы 84-88 градус болатын, көмірсутек негізіндегі ерітіндіні қолдану арқылы бұрғыланған тереңдігі 2400 метрге жететін 4 ұңғыма бар.

2020 жыл қорытындылары


>5 000 000 метр

Омас Интегрейтед технологиясы мен қызметін пайдалана отырып 5 000 000-нан астам метр бұрғыланды.

Осы уақыттың ішінде 2900 ұңғыма бұрғыланды, оның ішінде 200-ден астамы Қазақстанның, жақын және алыс шетел мемлекеттерінің кен орындарында.

1 қазан 2020


Біздің жетістіктеріміз

«Самотлорнефтегаз» АҚ жобасында Омас Интегрейтед технологиялары мен қызметтерін пайдалана отырып мыңыншы ұңғыма бұрғыланды.

Компанияның жобада жұмыс жасау кезеңінде «Роснефть МК» ҚАҚ дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

10 қыркүйек 2020


Бас кеңсенің көшуі жөнінде хабарлама

«Омас Интегрейтед» ЖШС нақты мекенжайы: ҚР, Ақтөбе қаласы, А.Молдағұлова даңғылы, 57 «В».

Заңды мекенжай мен реквизиттер қазіргі уақытта бұрынғыша.
Компанияның байланыс телефондары, сондай-ақ корпоративтік электронды адрестері өзгеріссіз.

15 маусым 2020


«Самотлорнефтегаз» АҚ жобаларындағы 2019 жылғы жұмыс қорытындылары

2019 жылдағы 12 айлық жұмыстың нәтижесінде «Самотлорнефтегаз» АҚ объектілеріндегі ұңғымаларды реконструкциялау кезіндегі бұрғылау ерітінділері бойынша көрсетілген қызметтің жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін 1-ші орын берілді.

Қаңтар 2020


Mud School 2019

Компаниядағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін және қызмет көрсету саласында жоғарғы стандарттарға сай болу мақсатында бұрғылау ерітінділеріне қатысты курстар өткізілді.

21 қазан 2019


“Бiрге – Таза Қазақстан”

«Омас Интегрейтед» ЖШС ұжымы #Birge #TazaQazaqstan атты қоршаған ортаны қорғауға қатысты акция шеңберінде сенбілік өткізді.

27 шілде 2019


RDCR-2019 — Ұңғымалық Инжиниринг

«Омас Интегрейтед» ЖШС ұңғымалық инжинирингтің барлық кезеңін қамтитын Мәскеудегі 7-ші RDCR дөңгелек үстеліне қатысты.

11 сәуір 2019


«Роснефть МК» ҚАҚ объектілерінде көрсетілген қызмет нәтижелері

«Роснефть МК» ҚАҚ объектілерінде бұрғылау ерітінділері бойынша инженерлі-технологиялық қызмет көрсету нәтижесі бойынша, «Омас Интегрейтед» ЖШС ҮЗДІК 10 сервистік компанияларының ішінде 2 орынды иеленді.

Наурыз 2019


2018 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 5500 метрге жететін 450 тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғылады.

«Башнефть-Добыча» ЖШҚ кен орындарында бұрғылау ерітіндісінің жаңа жүйесінің (гель-эмульсиялық ерітінді) енгізілуі сәтті түрде жүзеге асырылды.

«Башнефть» жобасында Бобриковский қыртысын субкөлденең (70-85 град) жолымен ашу арқылы ұңғыма жұмыстары сәтті аяқталды.

Компанияның филиалдар желісі РФ аймағында кеңейтілді – Уфа қаласында филиал ашылды.

2018 жыл қорытындысы


«Туған жерге тағзым» атты қайырымдылық акциясы

«Омас Интегрейтед» компаниясы «Туған жерге тағзым» атты қайырымдылық акциясы аясында Жиренқопа ауылында спорт алаңын салып берді. Қобда ауданы, Ақтөбе облысы.

Тамыз 2018


Ұңғыма құрылысы кезіндегі апатты төмендетуге арналған XII Корпоративтік конференция

«Омас Интегрейтед» ЖШС 07-08.06.2018 Красноярск қаласында ұңғыма құрылысы және «Роснефть МК» кен орнындағы ұңғыманың бүйір оқпанын кесу кезіндегі апатты төмендетуге арналған XII Корпоративтік конференциясына қатысты.

8 маусым 2018


Холдингтің адал жабдықтаушысы

«Омас Интегрейтед» ЖШС Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» Холдингінің адал жабдықтаушылар тізіміне енгізілген.

23 мамыр 2018


Уфа қаласындағы филиал, Ресей Федерациясы

«Башнефть-Добыча» компаниясымен арадағы ұзақ мерзімді контракт бойынша көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Уфа қаласында «Омас Интегрейтедтің» кеңсесі ашылды.

10 қаңтар 2018


2017 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 6000 метрге жететін 400-ден астам тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғылады.

Бұрғылау ерітінділері бойынша жаңа жүйелерді енгізу сәтті түрде жүзеге асырылды.

ҚР және РФ аймақтарында компанияның филиалдық желілері кеңейтілді – Атырау қаласында кеңсе, ал Самара қаласында филиал ашылды.

Компания қызметкерлеріне жоспар бойынша «Ұңғымаларды басқару» (IWCF) халықаралық курсы өткізілді.

2017 жылдың қорытындылары


«АЛАШ» жүйесінің деректер базасы

«Омас Интегрейтед» ЖШС Қазақстанның мұнай-газ операторлары үшін жабдықтаушылардың деректер базасына «онлайн» режимінде сәтті тіркелді.

14 тамыз 2017


OMACPRO© бағдарламалық жасақтамасы

Қазақстан мен Ресей жобаларында бұрғылау ерітінділері бойынша мағлұматтарды жинауға, классификациялауға және талдауға арналған бағдарламалық жасақтама жасалып шығарылып, жұмысқа енгізілуі сәтті түрде жүзеге асырылды. Бағдарлама бұрғылау кезіндегі өндірістік процессті автоматты түрде есептеу, бұрғылау ерітінділері бойынша күнделікті есеп беру және талдау, химиялық реагенттерді және тазалау жабдықтарының жұмыс уақытын есептеу мақсатында жасап шығарылған бағдарлама.

15 мамыр 2017


Атырау қаласындағы кеңсе

Көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Атырау қаласында «Омас Интегрейтед» өз кеңсесін ашты.

Ақпан 2017


Самара қаласындағы филиал, Ресей Федерациясы

«Самаранефтегаз» компаниясымен арадағы ұзақ мерзімді контракт бойынша көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Самара қаласында «Омас Интегрейтедтің» кеңсесі ашылды.

1 ақпан 2017


2016 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 6000 метрге жететін 230-дан астам тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғылады.

Бұрғылау ерітінділері бойынша бірнеше жаңа жүйелерді енгізу сәтті түрде жүзеге асырылды.

ҚР және РФ аймақтарында компанияның филиалдық желілері кеңейтілді – Орал қаласында кеңсе, ал Нижневартовск қаласында филиал ашылды.

Компания қызметкерлеріне жоспар бойынша «Ұңғымаларды басқару» (IWCF) халықаралық курсы өткізілді.

2016 жыл қорытындылары


Мамандардың біліктілігін арттыру

Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласында 2016 жылы қыркүйектің 23-27 және желтоқсанның 15-19 аралығында компания қызметкерлері «Ұңғымаларды басқару» (IWCF) халықаралық курсын өтті.

21 желтоқсан 2016


Орал қаласындағы кеңсе

Көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Орал қаласында «Омас Интегрейтед» өз кеңсесін ашты.

1 желтоқсан 2016


«Сапа Көшбасшысы» кубогы

«Омас Интегрейтед» компаниясы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалынан «Сапа Көшбасшысы» кубогы марапатына ие болды.

2 қараша 2016


Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағынан медаль

2016 KDR — бұрғылау және ұңғыма салу саласындағы екінші мұнай-газ саласы форумында, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының атынан медальмен марапатталды.

2 қыркүйек 2016


Kazakh Drilling Roundtable 2016

«Омас Интегрейтед» ЖШС бұрғылау және ұңғыма құрылысы саласындағы екінші Kazakh Drilling Roundtable мұнай-газ форумына қатысты.

KDR білім және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бұрғылау саласында кездесетін технологиялық қиындықтарды жақсырақ түсінуге арналған керемет алаң болып табылады.

1 қыркүйек 2016


Ақтөбе қаласындағы кеңсенің көшуі

Құрметті Мырзалар,
Жаңа кеңсеге көшуімізге байланысты Сізге нақты мекенжайымыздың өзгергенін хабарлаймыз.

Жаңа кеңсе мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы (инд.: 030000), Сәңкібай Батыр даңғылы 173/1, «Progress» БО, 5 қабат, 504–512 каб.

тел.: 8 (7132) 70-47-85, 70-47-86, 70-47-87,
факс: 8 (7132) 70-47-88.

15 тамыз 2016


Нижневартовсктегі филиал

«Самотлорнефтегаз» АҚ-мен арадағы ұзақ мерзімді контракт бойынша көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Нижневартовск қаласында «Омас Интегрейтедтің» филиалы ашылды.

Сондай-ақ логистика желісін оңтайландыру үшін Нижневартовск қаласында ауданы 3000 м2 асатын қойма ашылды.

1 маусым 2016


Жаңа технологияларды енгізу

«Омас Интегрейтед» ЖШС кезекті аса тиімді бұрғылау ерітінділерінің жүйесін енгізді. Кен орындарында қолдану кезінде бұл жүйенің тиімділігі расталды.

24 мамыр 2016


Компанияның жаңа технологияларының тұсаукесері

«Омас Интегрейтед» «Chemix Solution» компаниясымен бірігіп 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан мен Ресей қалаларында бұрғылау ерітінділері жүйесінің жаңа технологияларының ашық тұсаукесерін өткізді.

20 сәуір 2016


Қобда қаласына қайырымдылық сапары

«Омас Интегрейтед» компаниясы Қобда қаласына қайырымдылық сапарын жасады.

Компания өкілдері аудан орталығының әкімімен бірге Қобда балалар үйіне барды, онда балалармен бірігіп аймақты көгалдандыру жұмыстары жасалды (көшеттер отырғызылды), барлық балаларға естелік сыйлықтар таратылды. Кейін Қобда ауданының мешітіне және Нұр Отан жастар партиясына барылды.

Сондай-ақ сапар кезінде балалар үйі, мешіт және жастар партиясының аймағына талдар отырғызылды.

9 сәуір 2016


«Роснефть МК» ҚАҚ контракты бойынша қорытынды

«Оренбургнефть» ҚАҚ кен орындарында контракт мерзімінде 76-дан астам ұңғыма бұрғыланып, қолданыста болған технологиялар мен өнімдердің, оның ішінде HydPro және SurgeMod бағдарламалық жасақтамаларының, тиімділігі дәлелденді.

1 сәуір 2016


Ақтау қаласындағы компания кеңсесінің көшуі

Ақтау қаласындағы филиал кеңсесінің келесі мекенжайға көшкенін хабарлаймыз: Ақтау қаласы, 2-ші ықшам ауданы, «Сұңқар» Б\О, 306 кабинет.

29 наурыз 2016


2015 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 6000 метрге жететін 200-ден астам тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғылады.

2015 жыл қорытындылары



Kazakh Drilling Roundtable 2015

«Омас Интегрейтед» ЖШС Күміс демеуші ретінде 2015 жылдың 17 қыркүйегінде Астана қаласында өткен бұрғылау саласындағы 1-ші Kazakh Drilling Roundtable дөңгелек үстеліне қатысты.

18 қыркүйек 2015


«Роснефть» ААҚ-мен бірлескен жұмыстың қорытындылары

Осы кезең ішінде «Оренбургнефть» ААҚ кен орындарында 50-ден астам ұңғыма бұрғыланып, қолданыста болған технологиялар мен өнімдердің, оның ішінде HydPro және SurgeMod бағдарламалық жасақтамаларының, тиімділігі дәлелденді.

1 тамыз 2015


Нано-технологияларды енгізу

«Омас Интегрейтед» ЖШС «CHEMIX SOLUTION» компаниясымен бірлесіп бұрғылау ерітіндісінің OMAC HIP SYSTEM атты инновациялық аса тиімді жүйесін енгізді. Оның мақсаты ұңғыманы мұнайлы қыртысында апатсыз және қиындықсыз бұрғылау үшін бұрғылау ерітіндісінің құрылымды-механикалық және коллоидты-химиялық қасиетін жақсарту.

20 шілде 2015


Ақтөбе қаласының әкімінен алғыс хат

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнінің 70 жылдығы дайындығына белсенді қатысқаны үшін Ақтөбе қаласының әкімінен алғыс хат келді.

10 шілде 2015


Mud School курстары

2015 жылы наурыз айында Ақтөбе қаласында «Омас Интегрейтед» компаниясы тапсырыс беруші қызметкерлеріне біліктілігін арттыру мақсатында «Mud School» курстарын өткізді.

15 наурыз 2015


1000 ұңғыма бұрғыланды

Омас Интегрейтед технологиясы мен қызметін пайдалана отырып 1000-шы ұңғыма бұрғыланды.

Осы уақыттың ішінде Қазақстанның, жақын және алыс шетел мемлекеттерінің 130-дан астам кен орындарында 2 000 000 метрден астам ұңғыма бұрғыланды.

7 қараша 2014


Біліктілікті арттыру курстары

2014 жылдың сауір-мамыр айларында Дубайдағы Advanced Mud School мектебінде компанияның жетекші мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

15 мамыр 2014



Барлық талаптарға сай болу

СТ РК ИСО 9001 (сапаны басқару жүйесі), СТ РК OHSAS 18001 (кәсіби қауіпсіздік жүйесі) жүйелері бойынша жүргізілген тексеріс «Омас Интегрейтед» ЖШС-нің химиялық реагенттерді сатып алу/сатуға және бұрғылау ерітінділері бойынша инженерлік қызмет көрсетуге қатысты осы жүйелердің барлық талаптарына сай екенін растады.

10 наурыз 2014


Жоғарғы басшылықты оқыту

Біздің компанияның жоғарғы басшылығын МВА Департаментінің оқу жоспарына сай Master of Business Administration (МВА) бағдарламасы бойынша «Іскерлік әкімшілікті жүргізу» мамандығына оқыту.

5 наурыз 2014


Бағдарламалық жасақтама

2014 жылы біздің компанияда гидравликаны есептеуге арналған 2 кәсіби бағдарламалық өнім енгізілді:

  • HydroPro – бұрғылау гидравликасын есептеу бағдарламасы, гидравликаның барлық аспектілеріне қолданылады;
  • SurgeMod – ұңғыманың кенжар аймағының, ұңғыманы ұстап тұру бағанасының және түсіріп-көтеру жұмыстарының қиын гидравликасын жобалау және сараптау үшін арналған.

1 қаңтар 2014



Mud School 2013

Ақтөбе қаласында «Омас Интегрейтед» компаниясы қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жыл сайынғы курстары өткізілді — «Mud School 2013».

3 қараша 2013


Оренбург қаласындағы еншілес құрылым, РФ

Ресей Федерациясында еншілес құрылым «Омас Интегрейтед» ЖШҚ келесі мекенжай бойынша ашылды 460005, РФ, Оренбург қ., Шевченко к-сі, 193.

10 қазан 2013



KIOGE 2013 көрмесіне қатысу

«Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында 1–4 қазан аралығында өтетін KIOGE 2013 көрмесіне қатысатынын Сізге қуана хабарлайды. Біздің стенд Атакент Көрме Орталығының № 10-шы павильонында орналасқан.

Омас Интегрейтед бұрғылау ерітіндісі және инжиниринг нарығында болған соңғы 10 жыл ішіндегі жетістіктерімен Сізбен бөліседі.

1 қазан 2013


2013 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері

  • 15.02.2013 — ИСО 9001-2009 «Сапаны баскару жүйесі» және OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты басқару жүйесі» сертификаттарын иеленді.
  • 2013 ж. 2 тоқсаны — су негізіндегі бұрғылау ерітінділерінің инновациялық жүйесінің дамытылуы және енгізілуі.
  • 08.05.2013 — ИСО 14001-2006 «Экологияны басқару жүйесі. Талаптар және қолдану нұсқаулары» сертификатын алды.
  • 11.06.2013 — біздің компанияға 10 жыл толды.

16 маусым 2013


2012 жылдың 4-ші тоқсанының нәтижесі

  • «Омас Интегрейтед» компаниясы Казсервис (Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы) құрамына кірді.
  • Компанияда толық ребрендинг болды.
  • Губкин атындағы университетінде (Мәскеу) «Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы экономика және басқару» мамандығы бойынша компанияның жоғарғы басшылығының жыл сайынғы біліктілігін арттыруы болды.
  • Компания құрылымының толық өзгертілуі аяқталды.

26 желтоқсан 2012


Қайырымдылық гольф-турнирі

Жағдайы төмен жанұя балаларының еміне қажетті қаражатты жинау мақсатында компанияның қайырымдылық гольф турнирін ұйымдастыруы және қатысуы.

15 тамыз 2012