Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
9 776 257 метр

7 070 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Oмас Интегрейтед» ЖШС ТМД елдерінің мұнай-газ саласына бұрғылау, ұңғыманы аяқтау және жөндеу ерітінділері бойынша толық кешенді қызмет көрсете алатын үлкен мекеме.

Компания қызметі қамтамасыз етілетін өнімнің сапасының жоғары болуына бағытталған.

Барлық материалдар API 13A, OCMA спецификацияларына сай сапа бақылауынан өтеді.

Өнімдердің барлық үлгілері жөнелтілмес бұрын, өзіміздің және еншілес зертханаларда сынақтан өтеді.


Біздің компаниямызда сапаны басқарудың біріккен жүйесі енгізілген, оның ішінде:

СТ РК ISO 9001-2016
«Сапаны баскару жүйесі»

СТ РК ISO 14001-2016
«Экологияны басқару жүйесі.
Талаптар және қолдану нұсқаулары»

СТ РК ISO 45001-2019
«Кәсіби қауіпсіздік
және денсаулықты басқару жүйесі»


Біздің артықшылығымыз:

  • Өзіндік тексерілген жүйелер, технологиялар, өнімдер және аймақтық тәжірибе.
  • Ғылыми зертханалық зерттеулер (керн, шлам, цемент, көмірсутектер және басқа сараптамалар).
  • Қамбасыз бұрғылаудың жабық жүйесі.
  • Техникалық бағдарламамен қамтамасыз етілген (OmacPro, Sysdrill Hydraulics, HydPRO, SurgeMOD).
  • Клиент қызметкерлерін Дубай, Куала-Лумпур, Стамбул және т.б. уәкілетті халықаралық орталықтарында оқыту.
  • Қазақстанның ұлттық даму банкіне және «Kazakh Export» ұлттық бағдарламасына қолдау көрсету.
  • Бұрғылау ерітіндісін бақылау процессін цифрландыру (OmacPro деректерді өңдеу өзіндік орталығы).

Маңызды оқиғалар хронологиясы

  • 2003 жыл

    Біздің бастауымыз. «Омас Интегрейтед» ЖШС 3 шілдеде Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласында ірге тасы қаланған.

  • 2007 жыл

    Халықаралық нарыққа шығуы (Өзбекстан).

  • 2011 жыл

    Халықаралық нарыққа шығуы (Әзірбайжан).

  • 2013 жыл

    Халықаралық нарыққа шығуы (Ресей).
    10 қазанда Ресей Федерациясында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ еншілес құрылымы ашылды.

  • 2014 жыл

    Алғашқы мың ұңғыма бұрғыланды.

  • 2015 жыл

    Бұрғылау ерітіндісінің инновациялық аса-тиімді «OMAC HIP SYSTEM» жүйесі енгізілді.

  • 2016 жыл

    1 маусымда Ресей Федерациясы, Нижневартовск қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.


    2 қыркүйекте KDR — бұрғылау және ұңғыма салу саласындағы екінші мұнай-газ саласы форумында, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының атынан медальмен марапатталды.


    Сондай-ақ, осы жылы 2 қарашада «Омас Интегрейтед» компаниясы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалынан «Сапа Көшбасшысы» кубогы марапатына ие болды.

  • 2017 жыл

    1 ақпанда Ресей Федерациясы, Самара қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.


    15 мамырда компанияның өзіндік OMACPRO© бағдарламалық жасақтамасы жасап шығарылды және оның іске енгізілуі сәтті өтті.

  • 2018 жыл

    10 қаңтарда Ресей Федерациясы, Уфа қаласында «Омас Интегрейтед» ЖШҚ Өкілділігі ашылды.


    Осы жылы “Башнефть-Добыча” ЖШҚ кен орындарында бұрғылау ерітіндісінің жаңа жүйесін (ГЭЕ – гидрофобты эмульсиялық ерітінді) енгізу сәтті түрде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Башнефть» жобасында Бобриковский жер қабатын субкөлденең (70-85º) ашу арқылы ұңғыма жұмыстарын сәтті аяқтады.

  • 2019 жыл

    «Омас Интегрейтед» ЖШС-не «Роснефть МК» ҚАҚ объектілірінде бұрғылау ерітінділері бойынша инженер технологиялық қызмет көрсетудің нәтижесіне сай, ҮЗДІК 10 компания рейтингі ішінде 2-ші орын берілді.

  • 2020 жыл

    “Самотлорнефтегаз” АҚ объектілерінде 2019 жылдың 12 ай бойы жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша және ұңғыманы қайта құру кезіндегі бұрғылау ерітінділері бойынша болған қызметтің жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін 1-ші орын берілді.

  • 2021 жыл

    1 қазанда “Самотлорнефтегаз” АҚ жобасында біздің компания “Химиялық кольматация” технологиясын қолданудың арқасында жер қыртысындағы қалыптан тыс төмен қысымды және тұрақсыз аргиллиттер бар аймақтарында бұрғылау және ұңғыма бағаналарын отырғызу жұмыстарын сәтті аяқтады.


    15 қарашада 4000 ұңғыма бұрғыланды.


    9 желтоқсанда тиімді оқыту, кәсіби даму, тәжірибе алу және білікті мамандарды шығаруды қолдау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен «Омас Интегрейтед» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

  • 2022 жыл

    4 наурызда «Омас Интегрейтед» ЖШС Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Бұрғылау ерітінділерін қолданудағы технология» тақырыбында лекциялар және компания зертханасында тәжірибелік сабақтар өткізілді.