2016 жылы «Омас Интегрейтед» компаниясы Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ кен орындарында тереңдігі 6000 метрге жететін 230-дан астам тік, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымалар бұрғылады.
Бұрғылау ерітінділері бойынша бірнеше жаңа жүйелерді енгізу сәтті түрде жүзеге асырылды.
ҚР және РФ аймақтарында компанияның филиалдық желілері кеңейтілді – Орал қаласында кеңсе, ал Нижневартовск қаласында филиал ашылды.
Компания қызметкерлеріне жоспар бойынша «Ұңғымаларды басқару» (IWCF) халықаралық курсы өткізілді.