Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
10 422 612 метр

7 124 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

«Oмас Интегрейтед» ЖШС қарқынды дамып жатқан Қазақстандық компания. Қауіпсіздік техникасын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қолдау және жақсарту мақсатында, ҚР заңнамалары мен халықаралық ережелерге сай, 2017 жылы компания аудиттен өтіп, сапаны басқарудың біріккен жүйесін енгізді, оның ішінде келесі стандарттар бойынша: ISO9001, ISO14001, және OHSAS 18001.

Апаттық жағдайлардың және оқиғалардың болуының ең басты себептері мен факторларын бақылауда ұстау, бөлімшелерде еңбек пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңдарды және нормативті-құқықтық актілерін қадағалау «Oмас Интегрейтед» ЖШС-нің ең басты приоритеті және бұрғылау ерітінділері бойынша қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі болып саналады.

Компания қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, апаттық жағдайларға қарсы жаттығулар өткізуге, қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуға, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау талаптарын қадағалауға үлкен көңіл бөледі. Сапалы қызмет көрсету және апатсыз жұмыс жасау біздің барлық қызметкерлеріміздің басты мақсаты болып табылады.

Біз, тек қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын қадағалау арқылы және ұжымның ауызбіршілігінің арқасында ғана үлкен көрсеткіштерге және қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Сапаны, сондай-ақ қоршаған ортаның, еңбек пен денсаулық қауіпсіздігін басқарудың жүйесін қолдана отырып, «Oмас Интегрейтед» қауіпсіздік техникасының тиімділігін арттыруға үнемі ұмтылады және соның ақырғы нәтижесі жұмыс сапасының, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың барлық аспектіліріне оң әсер береді.

«Омас Интегрейтед» ЖШС
сапа, экология, қәсіби қауіпсіздіқ және денсаулық облысындағы саясаты

Политика ТОО «Омас Интегрейтед»
в области качества, экологии, профессиональной безопасности здоровья

«Omac Integrated» LLP
quality, ecology, health & safety policy