Омас ерітінділерімен бұрғыланған:
9 776 257 метр

7 038 өндірістегі оқиғасыз
күндер саны

OmacPro®
ерітінділер бойынша есеп беруге арналған 100% өзіндік бағдарлама

OmacPro® – бұрғылау ерітінділері бойынша мағлұматтарды жинау, классификациялау және талдау жасау үшін арналған бағдарламалық жасақтама.

Бағдарлама бұрғылау кезіндегі өндірістік процессті автоматты түрде есептеу, бұрғылау ерітінділері бойынша күнделікті есеп беру және талдау, химиялық реагенттерді және тазалау жабдықтарының жұмыс уақытын есептеу мақсатында жасап шығарылған бағдарлама.

OmacPro автоматты түрде ұңғыма бағасын есептеп шығарады, ерітіндінің ағымдағы және жоспардағы көрсеткіштерін салыстырады.

Барлық есептер халықаралық стандарттарға сай жасалады.


OmacPro® не жасай алады??

  • Бұрғылау процессін цифрландыру: бұрғылау жөніндегі барлық мағлұматтары бар ұңғыма файлдарын тізімдеу, ТМҚ есебі, химия жылжуының тауар-көлік жөнелтпе құжатын тіркеу;
  • Мұнай-газ өндіру аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып шығарылған 100% қазақстандық өнім;
  • iOS пен Android-қа арналған мобильдік қосымша;
  • Мобильдік PUSH хабарламасы;
  • Компанияның бай тәжірибесін ескере отырып шығарылған;
  • Үздіксіз жетілдіру және жаңа қызмет пен есептердің қосылуы;
  • Бұрғылау кезіндегі өндірістік процесстерді оңтайландыру: адами факторларды және уақытылы ақпарат бермей қалу қаупін азайту;
  • Бұрғылаудың барлық аспектілерін толық бақылай отырып инновациялық әдістерді жеңіл әрі тез енгізу;
  • Мағлұматтарға жылдам қол жеткізу: жасап тұрған ұңғымалар жөніндегі толық ақпарат онлайн режимінде;
  • Тапсырыс берушінің талабы бойынша есеп беруді кеңейту мүмкіндігі;
  • Бұрғылау кезіндегі қалыптан тыс және апаттық жағдайларды бақылауда ұстау және хабарлау;
  • Өлшеу жабдықтарымен біріктіру, есеп пен сараптама жасау үшін сыртқы ақпараттық жүйелерге және мәліметтер базасына қосылу мүмкідігі;
  • XML/JSON/XLS/WITSML форматтарында мағлұмат алмасу мүмкіндігі.

OmacPro Warehouse®
ерітіндіге байланысты қызметтердің ерекшелігін ескере отырып ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылық) қозғалысын есепке алатын 100% өзіндік өнім.

OmacPro Warehouse® ерекшелігі неде??

  • Оффлайн, онлайн және аралас режимде жұмыс жасау мүмкіндігі;
  • ТМҚ қозғалысының толық бақылануы және оның айқындығы;
  • Адами факторлардың және кездейсоқ қателіктердің азайтылуы;
  • Орталықсыздандырылған деректер сақтау жүйесі;
  • Тапсырыс беруші серверіне логика орнату мүмкіндігі;
  • Қолдану қарапайымдылығы және түсінікті интерфейс;
  • Тапсырыс берушінің талабы бойынша бағдарламалық кешеннің функционалдық кеңейтілуіндегі шексіз мүмкіндіктер;
  • Кен орындарындағы OmacPro-мен өзара біріктірілуі;
  • Кеңейтілетін және икемді сараптама жүйесі;
  • Ұңғымалардағы/жобалардағы қажеттіліктер мен айналымдар визуализациясы;
  • ТМҚ айналымына қатысатын бөлімшелер (сатып алу бөлімі, сату бөлімі, логистика, есеп бөлімі, басқару бөлімі) қарым-қатынасын оңтайландыру;

OmacPro® және OmacPro Warehouse® – Омас Интегрейтедтің өзіндік бағдарламалық жасақтамасы.


Мобильдік қызметтер дәуірі

Барлық ақпарат — Сіздің қалтаңызда!

Цифрландыру
ақпарат жинау және өңдеуге байланысты өзіндік орталықтың қалыптасуы


OmacPro® бағдарламасы туралы видео шолу

OmacPro® бағдарламасынан скриншоттар